Алматы қаласында тұрғындардан ескі көліктерді сатып алу жобасы басталмақ. Бұл туралы қала әкімдігінде өткен экология мәселелері жөніндегі кеңесте әкім Дархан Сатыбалды мәлімдеді, деп жазады Ertenmedia.kz.
Бағдарлама аясында экологиялық санаты төмен ескі көліктерді тұрғындардан сатып алу және оларды утилизациялау қарастырылған. Жобаны Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы мен «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы (ӘКК) бірлесіп жүзеге асырады.
Сонымен қатар, автокөліктерін жаңартуға ниет білдірген тұрғындарға жеңілдетілген несие, лизингтік бағдарламалар мен trade-in механизмдері ұсынылмақ. Бұл бағытта отандық автокөлік өндірушілер де тартылмақ.
Әкімдік өкілдерінің айтуынша, Алматыдағы ауа ластануының негізгі себептерінің бірі – ескі автокөліктерден бөлінетін зиянды газдар. Сондықтан бұл бастама ескі көліктер санын азайтып, экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталады.
Аталған бағдарлама қаладағы көлік паркін жаңарту, ауаны тазарту және қоршаған ортаға жүктемені азайту бойынша маңызды қадамдардың бірі болмақ.
Қазақстанда ірі жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың қызметі туралы ақпаратқа қолжетімділік кеңейтіледі. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов Мәжіліс депутаты Ерлан Барлыбаевтың депутаттық сауалына берген жауабында айтты.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







