FlyArystan 7 мамырдан бастап портативті аккумуляторларды тасымалдауға қатысты жаңа талап енгізеді, деп жазады Ertenmedia.kz.
Әуе компаниясының мәліметінше, енді power bank құрылғыларының қуатына қарай шектеу қойылады. Қуаты 100 Вт·сағатқа дейінгі аккумуляторларды қосымша рұқсатсыз алып жүруге болады. 100-ден 160 Вт·сағатқа дейінгі құрылғыларды тасымалдау үшін әуе компаниясының рұқсаты қажет. Ал қуаты 160 Вт·сағаттан асатын power bank ұшаққа кіргізілмейді.
Бір жолаушы өзімен бірге екіден артық портативті аккумулятор алып жүре алмайды. Оларды тек қолжүкпен тасымалдауға рұқсат етіледі. Power bank-ті тіркелетін багажға салуға болмайды.
Ұшу кезінде портативті аккумуляторды пайдалануға және зарядтауға тыйым салынады. Сонымен қатар құрылғы қысқа тұйықталудан қорғалуы керек. Яғни аккумулятордың ұшы ашық қалмауы, металл заттармен жанаспайтындай сақталуы маңызды.
Жаңа талап 2026 жылғы 7 мамырдан бастап күшіне енеді. FlyArystan жолаушыларға әуежайда қиындық туындамас үшін сапарға шығар алдында power bank сипаттамасын алдын ала тексеруге кеңес береді.
Қазақстанда мобильді аударымдардың барлығы бірдей салық органдарының бақылауына түспейді. Мемкірістер мамандары қандай аударымдардың тексерілуі мүмкін екенін нақтылап берді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







