Нұртас Адамбай өзіне қатысты дау қайдан шыққанын түсіндірді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Оның сөзінше, мәселенің бәрі әлеуметтік желідегі жазбадан басталған.
«Астана Дін істері басқармасы мені Instagram-дағы парақшама Құран Кәрімнің аудармасынан сөздер жазғаным үшін сотқа берді. Шынымды айтсам, елімізде Құран аудармасын келтіруге болмайтынын білмедім», — деді ол желіде.
Айта кетейік, бұл іс Астананың әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатыр.
«Нұртас Адамбайға Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 490-бабының 1-бөлігінің 4-тармағын бұзды деген айып тағылып отыр», — деп жазылған деректе.
Сот кабинетінде жарияланған материалдарда осы баптың 1-бөлігінің 3-тармағы былай көрсетілген: діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де материалдарды, діни мақсаттағы заттарды әкелуге, әзірлеуге, шығару, басып шығару және (немесе) тарату.