Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов інісінің өліміне қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz «Азаттыққа» сілтеп.
Басылым мәліметінше, ол інісі Нұрғанат Ғайыпбаевтың «өзіне қол жұмсағанына» сенбейді.
«Нұрымов ұлының бейіт басында жүр екен. Айтуынша, Нұрғанат осы маңнан табылған. Нұрымовтың сөзінше, ол бейіт басы жақтан Нұрғанаттың ізін аңдып келіп құзға жеткен. Содан төмен түскен жерден таптық деді. Қаржаубай Нұрымов «інісін суицид жасауға итермеледі» деп санайды. «Нұрғанат өлетіндей бала емес еді» деді ол. Нұрымов «інісінің өліміне байланысты әділ тергеу жүруі керек» деп санайды», — деп жазылған басылым дерегінде.
Еске салайық, бүгін Алматы облыстық полиция департаменті Талғар қаласының маңынан 30 жастағы ер адамның денесі табылғанын хабарлады. Бұл Шерзаттың ағасы екені анықталды.
Полиция марқұм Шерзат Болаттың отбасы барлық уақытта полицейлердің қорғауында болғанын да мәлімдеді.
«Марқұмның отбасына қатысты қандай да бір қауіп-қатер тіркелген жоқ. Күзеткен қызметкерлердің сөзінше, ер адам күзетілетін нысаннан сағат 23:30-да шығып, жеке көлікпен кетке. Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жарияланбайды», — деп жазылған хабарламада.