ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы еліміздегі ер педагогтердің статистикасын ұсынды,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz
«Бүгінде еліміздің білім беру ұйымдарында 94 552 ер педагог жұмыс істейді. Олардың ішінде 14 055-і колледждерде, 77 787-сі мектептерде, 2 710-ы мектепке дейінгі ұйымдарда қызмет етеді», — делінген хабарламада.