Қазақстандық әуе компаниялары Иранның әуе кеңістігін айналып ұшады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Air Astana әуе компаниясы Таяу Шығыстағы жағдайды мұқият талдағаннан кейін және Қазақстанның Авиациялық Әкімшілігінің ұсынысы бойынша Иранның әуе кеңістігін айналып өтіп, Дубайға ұшуды орындауға шешім қабылдаған.
«Астана мен Алматыдан Дубайға рейстердің бағыттары өзгертіліп, ұшу уақыты ұзарады. Жиддаға рейстер өзгеріссіз орындалады, бірақ өңірдегі әскери әрекеттер күшейген жағдайда қайта қаралатын болады. Қажет болған жағдайда әуекомпания ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша өзгерістер енгізетін болады», — деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, Иран Израильді ракетамен атқылады. Бұл туралы Израиль әскері мәлімдеді.
Иран Ислам революциясы сақшылар корпусының арнайы жасағы бұл шабуылды ХАМАС лидері Исмаил Ханияның, «Хезболла» лидері Хасан Насыралланың және Иран жасағының командирі Аббас Нилфрушаның өліміне жауап екенін мәлімдеді.