ҚБТУ-да шыққан өрт кезінде «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданған тарихи зал зардап шекті ме? Бұл сауалға университет әкімшілігі жауап берді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
«Тарихи кабинеттер зардап шеккен жоқ», — деп жауап берген Қазақ-Британ техникалық университетінің баспасөз қызметінің өкілі Tengrinews.kz сауалына.
Алайда университет өкілдері тиісті жұмыс істеліп жатқанын айтып, ғимараттың ішінен сурет-видео көрсетпеген.
«Қазір ғимаратта құзырлы органдар жұмыс істеп, бүлінген аумақ бағаланып жатыр», — деді ҚБТУ баспасөз қызметінің өкілі.
Айта кетейік, ҚБТУ ғимараты республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген. Ғимарат 1938 жылы салына бастады. Соғыс жылдарында құрылыс тоқтатылып, 1951 жылы қайта жанданды. Кеңес заманында ҚБТУ ғимаратында ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі орналасты. Мұнда Министрлер Кеңесі мен Қазақ КСР Компартиясының Орталық Комитеті орналасқан болатын.
1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан-Британ техникалық университетіндегі дөңгелек залда тарихи құжат — «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданды.