Астанада кофехана қатты сынға ұшырап, жұмысын тоқтатты. Кеше ашық тұрған кофехана жұмысын уақытша тоқтатуға мәжбүр болған, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеп.
Астанадағы Qazaq cofee кофеханасына барған бір азамат қазақ тілінде қызмет көрсетілмегені үшін ескерту жасаған. Ол кофехананың 2gis парақшасына сол ескертуін “қазақ тілінде мәзір жоқ” деп жазып кеткен.
Кофехана кешірім сұрап, кемшілікті түзетудің орнына қазақ тілін білуді қызметкерлерінен талап етпейтінін айтқан. Оны да орысша жазған.
«Менің қызметкерім қазақ тілін білуге міндетті емес. Мұндай ешбір жерде қазақ тілі толық қолданылмайды. Тіпті құжаттың өзі 50-де 50 орыс және қазақ тілінде жүргізіледі», – деп жауап берген кофехана әкімшілігі.
Басылым мәліметінше, 2gis парақшасында 5 балдың 4,8 балымен үздік кофехана болып тұрған Qazaq cofee парақшасына 15 мыңға жуық адам пікір қалдырып, бәрі де “1” деген бағаны қойып кеткен. Әрі қазақ тілін талап еткен.
«Кофехана парақшасында “уақытша жұмыс істемейді” деп жазылып тұр», — деп жазылған басылым мәліметінде.