Бүкіл әлемде психикалық денсаулық нашарлай бастағаны байқалған. Бұл туралы ұлыбританиялық Financial Times газеті жазды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
«Психологиялық пандемия бүкіл әлемдегі еңбекке қабілетті жастағы адамдарды шарпып отыр. Жаһандық психикалық дағдарысты тудыратын факторлар қатарына өмір сүру құнынан бастап әлеуметтік желілерді кеңінен қолдану жатады», — делінген басылымда.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының зерттеуіне сілтеме жасаған басылым мәліметінше, коронавирустың әсерінен де психикалық денсаулық нашарлай түсті.
«Біз пандемияға дейінгі деңгейге әлі оралған жоқпыз», — дейді ДДСҰ-ның психикалық денсаулық маманы Дэн Чисхолма.
ДДСҰ мен Халықаралық еңбек ұйымының мәліметтері бойынша адамдар жыл сайын күйзеліс пен мазасыздыққа байланысты шамамен 12 миллиард жұмыс күнін жоғалтады. Ал әлемдік экономикаға келтірілген шығын триллион долларға бағаланады.