16 сәуір, бейсенбі күнгі ауа райы қандай болады. Еліміздің солтүстігі мен шығысында қар аралас жаңбыр жауып, күн күрт салқындайды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Елордада күн ала бұлтты болады. Жаңбыр соңы қарға ұласады. Жел секундына 9–14 метрге дейін жетеді. Түнде ауа температурасы -2…-4 градусқа дейін төмендеп, күндіз +2…+4 градус шамасында ғана сақталады. Қарағандыда да қар аралас жаңбыр күтіледі. Мұнда түнде 0…-2 градус, күндіз 0…+2 градус болады. Семейде түнде 0…-2 градус, күндіз +2…+4 градусқа дейін жылынады. Өскеменде де жауын-шашын аралас келеді: жаңбыр соңы қарға ауысуы мүмкін. Температура түнде 0…+2, күндіз +3…+5 градус шамасында болады.
Солтүстік өңірлерде түнгі салқын анық сезіледі. Көкшетауда жауын-шашын болмайды, бірақ түнде -2…-4 градусқа дейін аяз түседі. Күндіз +3…+5 градус. Қостанайда түнде -1…-3, күндіз +6…+8 градус болады. Павлодарда түнгі ауа райы -3…-5 градусқа дейін суытып, күндіз +3…+5 градусқа көтеріледі. Петропавлда да түнде -4…-6 градусқа дейін төмендейді, ал күндіз +4…+6 градус сақталады.
Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды
Алматыда көктемгі жылы леп әлі бар, бірақ күн тыныш болмайды. Қалада жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Желдің екпіні 15–18 метрге дейін жетуі мүмкін. Түнде +9…+11, күндіз +17…+19 градус болады. Талдықорғанда да жаңбыр мен найзағай болжанған. Ауа температурасы түнде +8…+10, күндіз +17…+19 градус. Қонаевта жаңбыр, найзағай және қатты жел күтіледі. Кей сәтте желдің екпіні 25 метрге дейін баруы мүмкін. Күндіз +18…+20 градусқа дейін жылиды.
Оңтүстікте де жауын-шашын басым. Шымкентте күн бұлтты, жаңбыр мен найзағай болады. Түнде +8…+10, күндіз +14…+16 градус. Таразда да ұқсас жағдай сақталады. Мұнда жел күшейіп, екпіні кей уақытта 25 метрге жетуі мүмкін. Түркістанда жаңбыр жауып, күндіз +15…+17 градус болады. Қызылордада да жаңбыр мен найзағай болжанған. Түнде +8…+10, күндіз +13…+15 градус шамасында болады.
Батыс өңірлерде ауа райы біршама жұмсақтау. Ақтауда жаңбыр жауып, найзағай болуы мүмкін. Температура түнде де, күндіз де +10…+12 градус төңірегінде сақталады. Атырауда жауын-шашын жоқ, күндіз +15…+17 градус. Оралда да күн жауынсыз өтіп, түнде +4…+6, күндіз +13…+15 градус болады. Ақтөбеде аспан ашықтау болғанымен, жел екпінді. Күндіз +10…+12 градус күтіледі.
Орталық пен оңтүстік-батыс бөлікте Жезқазғанда жаңбыр мен найзағай болуы ықтимал. Түнде +5…+7, күндіз +13…+15 градус. Жалпы алғанда, 16 сәуірде елдің солтүстігі мен шығысында қыс лебі қайта сезілсе, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста найзағайлы жаңбыр, екпінді жел сақталады. Жолға шығатындар мен алыс сапарды жоспарлағандар ауа райының құбылмалы болатынын ескергені жөн.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







