Ауыл шаруашылығы министрлігі желіде трендке айналған «Шайн мускат» жүзімінде ағзаға зиян зиянкес табылмағанын мәлімдеді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Ауыл шаруашылығы министрінің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК-тегі мемлекеттік инспекция комитетінің Республикалық өсімдіктер карантині орталығының қызметкерлері карантиндік фитосанитариялық бақылау кезінде жүзім үлгілеріне зертханалық сараптама жүргізді.
Карантиндік фитосанитарлық қорытындыға сәйкес карантиндік зиянкестер табылған жоқ.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» РМК-ның Абай ауданы бойынша филиалы (Қытай Халық Республикасымен шекарада) «Shine Muscat» нитратының құрамы бойынша зерттеу жүргізілді, оның қорытындысы бойынша өнімдегі нитрат мөлшері 13,7 мг/кг құрады, бұл осы өнім үшін рұқсат етілген көрсеткіш.
Айта кетейік, бұған дейін депутат Мұқаев жұрт жаппай қымбат жүзім сатып алып жатқанын сынаған болатын.
Депутат мұны көрсеқызарлық немесе маркетинг құрбаны болу деп бағалады.
«Дубай шоколады» деген шығып еді, енді «кәріс жүзімі» (Шэйн мускат дей ме) деген шықты. Инстаға кіріп қалсаң болды, шырт-пырт деп жеп отырғандар қатары көбейді. Соны жалпақ жұртқа жарияламай-ақ жеуге болады ғой… Кішкентай Дубай шоколадының бағасы 15-20 мың теңге болып еді, енді мына жүзімнің кішкене бір бөлігі 5-10 мың теңге деседі. «Ақша жоқ-жоқ» дейді де, талап алып жатыр халық. Оның құрамында не бар, несі пайдалы, не зиян, ол туралы басымызды ауыртқымыз келмейді. Бастысы жұрттан қалмау керек. Алла біледі, бұны да 12/24 айға бөліп төлейтіндер шықса таң қалмаймын.
Ақшаңыз артылып жатса, ала беріңіз. Қарсылығым жоқ. Бірақ елден, трендтен қалмайын деген ой — әбестік. Одан да мына қоңыр күзде ет жеңіздер, сорпа ішіңіздер. Міне, нағыз пайдалы тағам», — деді ол.