ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі жастардың жаңа әрі тиімді бастамаларын қолдау мақсатында «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына конкурс жариялады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
2026 жылы республикалық деңгейде әрқайсысы 3 млн теңгеден 30 грант ұсынылады. Конкурсқа 14 пен 35 жас аралығындағы (34 жасты қоса алғанда) Қазақстан азаматтары қатыса алады.
Гранттар мына бағыттар бойынша беріледі:
«Ғылым» – жаңа ғылыми зерттеулер мен жобаларға арналған;
«Мәдениет» – ұлттық дәстүрлер мен мәдени мұраны дәріптейтін жобаларға;
«Ақпараттық технологиялар» – жаңа IT-шешімдер мен стартаптарға;
«Бизнес» – кәсіпкерлік бағытындағы жаңа идеяларға;
«Медиа» – жастарға арналған танымдық әрі пайдалы медиа-контент жасауға;
«Волонтерлік» – әлеуметтік мәселелерді шешуге арналған еріктілер жобаларына беріледі.

Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер 2026 жылғы 21 сәуірден бастап 21 маусымға дейін (сағат 24:00-ге дейін) қабылданады.
Қажетті құжаттар тізімі:
Конкурстық өтінімді толтыру (https://forms.gle/8Edm9PwoqQZQyw287);
Жобаның сипаттамасы (PDF форматында, 2-қосымша бойынша);
Жоба туралы бейнематериал (60 секундтан аспайтын) немесе презентация (10 слайдтан аспайтын);
Шығындар сметасы (PDF форматында, 3
Айтқандай, Қазақстанда 50 жаста зейнетке шығуға мүмкіндік беретін тетік бар. Бұл «зейнетақы аннуитеті» деп аталатын арнайы сақтандыру қызметі.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







