7 қыркүйектегі сауда қорытындысында теңге доллар, еуро, рубль және юаньға қатысты нығайды. Қазақстан қор биржасында доллардың орташа сараланған бағамы 2,08 теңгеге төмендеп, 454,27 теңгені құрады, – деп жазады Ertenmedia.kz.
Алдыңғы сауда күнімен салыстырғанда америкалық валюта айтарлықтай әлсіреді. Қазақстан қор биржасындағы доллар саудасының көлемі 378,38 млн доллар болды. Валюта нарығындағы операцияларға 24 қатысушы қатысты.
Еуроның орташа сараланған бағамы 3,89 теңгеге төмендеді. Сауда қорытындысында еуропалық валюта 527,52 теңгеге тұрақтады. Еуромен жасалған операциялар көлемі 3,48 млн еуроны құрады.
Қытай юані 0,3 теңгеге арзандап, 67,6 теңге деңгейіне түсті. Юаньмен жүргізілген сауда көлемі 71,9 млн юаньға жетті. Ресей рублі 0,02 теңгеге төмендеп, 5,2 теңгемен саудаланды.
Рубльмен жасалған операциялар көлемі шамамен 4,3 млрд рубль болды. Нәтижесінде теңге саудаға қатысқан негізгі төрт валютаға қатысты бір мезетте нығайды. Дегенмен айырбастау орындарындағы бағам биржалық көрсеткіштен банктер мен қаржы ұйымдарының үстемесіне қарай ерекшеленуі мүмкін.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







