Президент Тоқаевтың жиені Дана Медеуова бірінші сайланған Құрылтайдың 145 депутатының қатарында Қазақстан халқына адал қызмет етуге ант берді. Ол парламентке «Әділет» партиясының атынан өтіп, халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінде жұмыс істейді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Дана Медеуова – Мемлекет басшысының қарындасы Қарлыға Ізбастина мен дипломат Теміртай Ізбастиннің қызы. Әкесі бұған дейін Қазақстанның Болгариядағы елшісі қызметін атқарған.
Жаңа депутат осыған дейін саясат пен ақпарат кеңістігінен тысқары жүрген. Кейбір дереккөздер оның девелопмент саласында кәсіппен айналысқанын жарыса жазуда. Медеуованың өмірбаяны мен қоғамдық қызметіне қатысты ашық мәлімет өте тапшы.
Құрылтайдағы ант беру рәсімінен алынған бейнекадр да оның интернетте тараған санаулы суретінің бірі саналады.
Енді Дана Медеуова депутат ретінде Қазақстанның сыртқы саясаты, халықаралық қатынастары, қорғаныс қабілеті мен ұлттық қауіпсіздігіне қатысты заң жобаларын қарайтын комитет құрамында қызмет атқарады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







