АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп америкалық кәсіпкер Массад Булос араб және Таяу Шығыс істері жөніндегі аға кеңесші қызметін атқаратынын айтты. Бұл туралы «Америка дауысы» басылымы жазды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Трамптың кенже қызы Тиффани Трамптың қайын атасы Массад Булос құдасы Трамптың сайлау науқаны кезінде араб және мұсылман қауымдастықтарының жетекшілерімен бірнеше рет кездесті.
Булостың әкесі мен атасы Ливан саясатындағы танымал қайраткерлер болған.
Оның ұлы Майкл мен Тиффани Трамп 2022 жылғы қарашада Дональд Трамптың Флоридадағы «Мар-а-Лаго» резиденциясында үйленді. Ерлі-зайыпты Трамптың бірінші президенттік мерзімі кезінде Ақ үйдің Раушан бағында некесін қиды.
«Булоспен байланысты үш дереккөздің айтуынша, ол Ливанның әртүрлі саяси топтарының өкілдерімен байланыста», — деп жазылған деректе.
Айта кетейік, 2024 жылы 5 қарашада Америка Құрама Штаттарында президент сайлауы өтті. Негізгі кандидаттар республикашылар атынан Дональд Трамп және демократтар атынан Камала Харрис болды. Бұл — елдің 47-ші президенті сайланатын 60-шы президенттік сайлау.
Трамп Вашингтон уақыты бойынша түнгі сағат екіде (Астана бойынша сағат 12:00-де) сайлаудың жеңімпазы деп жарияланды. Ол барлық негізгі штатта жеңіске жетті.