Нұралхан Көшеров Түркістан облысының әкімі лауазымына тағайындалды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
«Мемлекет басшысының жарлығымен Нұралхан Оралбайұлы Көшеров Түркістан облысының әкімі лауазымына тағайындалды», — деп жазылған хабарламада.
Көшеров Нұралхан Оралбайұлы 1984 жылы 20 желтоқсанда Шымкент қаласында дүниеге келген. Білімі — жоғарғы.
2005 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан Мемлекеттік университетін; 2007 жылы Қазақ Гуманитарлық заң университетін; 2019 жылы- Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясы жоғары білім беретін мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесін тәмамдаған Мамандығы — Экономист; қаржы және несие; құқықтану салалары.
2023 жылдан бастап Түркістан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
Бұған дейін Түркістан облысының әкімі қызметін Дархан Сатыбалды атқарды.