СҚО-да коммерциялық ұйымның басшысына қатысты соталды тергеу аяқталды, — деп хабарлайды ErtenMedia.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет коммерциялық ұйымның басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтағанын мәлімдеді.
«Ол Ұлттық қор қаражатынан жылыжай кешенін салу үшін жапырақты көкөністерді өсіру жөніндегі жабдықтарды сатып алуға бөлінген 840 млн теңге мөлшерінде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді», — деп жазылған хабарламада.
Айыпталушы сотқа тартылды.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбады.
Айта кетейік, Қазақстанда Ұлттық қордан бөлінген қаражат қайда жұмсалғанын тексеретін комиссия жұмысын қайта бастады.
Ол 2014 жылы құрылғаннан бастап Ұлттық банк қарамағында жұмыс істеді. 2020 жылдан бастап комиссияның жұмыс органы Жоғары аудиторлық палата болды. Енді Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында комиссияның қызметі жаңартылған форматта және жаңа құраммен жалғаспақ.