Александр Лукашенко Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында утилизациялық алым мөлшерін сынға алды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Беларусь басшысы өз сөзінде одақтың өнеркәсіптік саясаты ақсап тұрғанын айтып, мысал ретінде автомобиль өндірісін келтірді.
– Одақтың құрылуының басында біз компоненттер базасын дамытуға бірлесіп инвестиция тартамыз деп келіскен едік. Ал қазір не болды? Әркім өз нарығын жауып алды, тышқан да өте алмайды. Утилизациялық алым мөлшері жуырда көліктің өз құнынан асып кететін шығар. Біздің одақ жайлы айтып отырғанымыз қайда қалды? – деді Александр Лукашенко.
2026 жылдың 8 мамырынан бастап Қазақстанға Беларусь пен Ресейден әкелінетін автокөлік пен ауыл шаруашылығы техникасына утилизациялық алымның жаңартылған мөлшерлемесі қолданылуда.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







