Қаржылық мониторинг агенттігі пайда табу мақсатында алыс шетелдерден көлікті заңсыз түрде һ тіркеген адамдарды анықтады, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Күдіктілер 2021 жылдың маусым-тамыз айлары аралығында жүйелі негізде материалдық сыйақы үшін Павлодар облысында 150-ден аса жүк көліктерін бастапқы тіркеуге заңсыз қойғаны анықталды. Олар алғашқы тіркеу үшін алым төленгені туралы жалған түбіртектерді пайдаланып, ақпараттық жүйеге көрінеу жалған мәлімет енгізген.
Бұл жайт бастапқы тіркеу үшін төлеуден жалтарып, мемлекетке жалпы сомасы 1,5 миллиард теңгеден астам залалға әкеп соқтырды. Соттың санкциясымен барлық заңсыз тіркелген көлік құралдарына тыйым салынды, күдіктілерге қатысты «қамауда ұстау» және «үй қамаққа алу» түріндегі бұлтартпау шаралары таңдалды.