«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының мәліметінше, ағымдағы жылдың қыркүйек-қазан айлары аралығында Қазақстаннан жаңа өнімді астықтың 2 миллион тоннасы экспортталды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Салыстырмалы түрде қарасақ, өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 1,8 миллион тонна болған. Бұл экспорт көлемінің тұрақты өсіп келе жатқанын көрсетеді.
Атап айтқанда, Өзбекстанға экспорт көлемі 42%-ға артып, 738 мың тоннадан 1 049 мың тоннаға дейін артты. Қырғызстанға жеткізілім көлемі 2,6 есеге, 24 мыңнан 64 мың тоннаға дейін, Әзербайжанға 3,1 есеге (18 мыңнан 56 мың тоннаға дейін), Ауғанстанға 42,5%-ға (73 мыңнан 104 мың тоннаға дейін), ал Түрікменстанға 2,3 есеге (3 мыңнан 7 мың тоннаға дейін) өсті.
Астық экспортының көрсеткіші Қазақстанның халықаралық нарықтағы беделінің нығайғанын және ұлттық ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігінің артқанын көрсетеді.

