Жанқош Тұраровтың әйелі Клара Иса желіде тараған ақпаратқа қатысты алғаш рет пікір білдірді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
«Хабарласқанда телефон алуға шамасы келмей, уақыт таппай жүрген «құрбы-таныстың» бәрі түннен бері хабарласып, жағдайымды сұрады ғой. Бәрі дұрыс, уайымдамаңыздар. Ел алдында жүрген адамдар туралы не айтылмай жатыр?», — дейді Клара Иса.
Айта кетейік, бұған дейін БАҚ пен әлеуметтік желіде танымал қазақстандық боксшы Жанкош Тұраров «қыз зорлады» деген ақпарат тарап кетті. Мәселеге Алматы полициясы пікір білдірді.
Полицияның мәліметінше, Алматы қаласы Әуезов ауданының Полиция департаменті қылмыстық іс қозғаған.
«Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жалғасып жатыр», — деп жазылған хабарлама.