Республика күні қарсаңында өңірлерде ерекше қажеттілігі бар жандарға төленетін біржолғы әлеуметтік көмек көлеміндегі үлкен алшақтық қоғамда пікірталас туғызды.
жәрдемақы
Қазақстанда 2027 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындау тәртібі қатаңдайды. Үкімет қаулысына сай комиссиялар өтініш берушілердің көлігін, баспанасын, жаңа несиелері мен банктегі шығындарын тексереді.
2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда мемлекеттік жәрдемақылар отбасының нақты мұқтаждық деңгейіне қарай тағайындалады. Бай және ауқатты санаттағы азаматтарға төлем берілмейді.
Қазақстанда әлеуметтік қолдау жүйесі ауқымды реформаланып, көмек санат бойынша емес, нақты мұқтаждық қағидатымен беріледі.
Кәсіпкер Руслан Шаекин отбасылардың әл-ауқатын ескере отырып әлеуметтік төлемдер тағайындауды қолдап, өзінің көпбалалы отбасы мемлекеттік көмектен өз еркімен бас тартқанын жеткізді.
Егер цифрлық карта отбасының әл-ауқатын қате бағалап, жәрдемақыдан айырса, бұл мәртебені қалай даулауға болатынын Еңбекмині түсіндірді.
Қазақстанда жан басына шаққанда 350 мың теңгеден астам табысы бар отбасылар бірден ауқатты саналмайды. Еңбек министрлігі әл-ауқат санатын анықтау тәртібін түсіндірді.
2027 жылдан бастап Қазақстанда мемлекеттік жәрдемақылар азаматтардың нақты тұрмыс жағдайы мен табысын ескере отырып беріле бастайды.
Қазақстанда жағдайы жақсы отбасылар мемлекеттік әлеуметтік көмек пен жәрдемақының 10 түрінен қағылатын болды. Үкімет Цифрлық отбасы картасы арқылы мұқтаждықты анықтаудың жаңа ережелерін бекітті.
Еңбекмині ауқатты азаматтарға мемлекеттік жәрдемақының қай түрлері берілмеуі мүмкін екенін жариялады. Жаңа тәртіп бойынша 14 төлем мұқтаждық деңгейіне қарай тағайындалады.








