1 маусымнан бастап жүк тасымалымен айналысатын компаниялар мен тасымалдаушылар жол парақтары мен тауар-көлік жүкқұжаттарын міндетті түрде Көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесінде (КҚББЖ) тіркеуі тиіс, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Бұл талап салмағы 3,5 тоннадан асатын көлік құралдарымен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын барлық қатысушыларға қолданылады. Құжаттарды тіркеудің бұл жаңа тәртібі көлік саласындағы құжат айналымын жеңілдетіп, қағаз түріндегі құжаттарды барынша азайту мақсатында енгізіліп отыр.
Айта кетейік, аталған норма алғаш рет 2020 жылы енгізілген, алайда техникалық жетілдіру мен бизнеске қолайлы жағдай жасау мақсатында осы уақытқа дейін міндетті емес сипатта болды.
Енді бұл жүйені қолдану барша тасымалдаушылар үшін міндетті болып табылады. Құжаттарды тіркеу тәртібін орындамаған, жалған мәліметтер енгізген немесе тиісті құжаттарды ресімдемеген жағдайда тасымалдаушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
КҚББЖ жүйесіне тіркелу және толық ақпарат алу esutd.gov.kz порталында қолжетімді.
Айтпақшы, Алматы қаласында тұрғындардан ескі көліктерді сатып алу жобасы басталмақ. Бұл туралы қала әкімдігінде өткен экология мәселелері жөніндегі кеңесте әкім Дархан Сатыбалды өзі мәлімдеді,
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







