Алматыда 18-22 мамыр аралығында электр желілерінде жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп жазады Ertenmedia.kz.
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ қалалық электр желілеріндегі жоспарлы жұмыстар кестесін жариялады. Компанияның түсіндіруінше, мұндай жұмыстар міндетті түрде жарықты толық өшіру дегенді білдірмейді. Жөндеу нақты учаскелерде жүргізіледі, ал тұтынушыларды резервтік желіге қосу мүмкін болмаған жағдайда ғана электр қуаты уақытша шектелуі ықтимал.
18 мамырда
18 мамырда сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін жұмыстар Көк-Қайнар шағынауданындағы Бенберин көшесі, Әйгерім-1 шағынауданындағы С.Ашимов және Наби көшелерінде жарық болмайды. Сол сияқты Шаңырақ-1 шағынауданындағы Өтемісұлы, Асан қайғы, Мұрагер, Орбұлақ, Ертарғын көшелері, Райымбек даңғылы, Крылов, Скрябин, Ратушный көшелері маңында жүргізілуі мүмкін. Сонымен қатар Жандосов – Гагарин – Солодовников – Розыбакиев, Шәкәрім – Гайдар – Құлымбетов – Рахманинов, Жандосов – Тұрғыт Өзал – Сәтбаев – Түркебаев көшелері аумағы, Ақжар, Таусамалы, Алмагүл, Горный Гигант шағынаудандары, 6, 10-шағынаудандар да кестеге енгізілген.
19 мамырда
19 мамырда Көк-Қайнардағы Бенберин және Заречная көшелері, Әйгерімдегі Алматинская мен С.Ашимов көшелері, Ақжар шағынауданындағы Ер Төстік, Әмина Өмірзақова, Дәулеткерей, Құртқа, Аққұяш, Нарын көшелері, Достық шағынауданындағы Тәуке және Виноградов көшелері, сондай-ақ 8-шағынаудан аумағында жұмыстар жоспарланған.
20 мамырда Көк-Қайнар, Әйгерім-1, Шаңырақ-1, Ұлжан-2, Теректі, Таусамалы, Ақжар, Бағанашыл, Нұр Алатау, Көлсай, Юбилейный және Ақсай-5 шағынаудандарының бірқатар көшелері қамтылады.
Сонымен бірге Құрманғазы – Абылай хан – Шевченко – Желтоқсан, Қарасай батыр – Қожамқұлов – Бөгенбай батыр – Мұқанов, Жандосов – Тұрғыт Өзал – Сәтбаев – Түркебаев көшелері де бар.
21 мамырда
21 мамырда Көк-Қайнардағы Татулық және Заречная көшелері, С.Ашимов көшесінің бір бөлігі, Шаңырақ-1, Ұлжан-2, Қалқаман-2, Таусамалы, Ақжар, Көк-Төбе-2 шағынаудандары қамтылған. Ссондай-ақ Жандосов – Айманов – Солодовников – Үмбетбаев, Бөгенбай батыр – Әуезов – Төле би – Рыспаев, Сәтбаев – Түркебаев – Мыңбаев – Брусиловский көшелері аумағында жөндеу жұмыстары жоспарланған. 6 және 8-шағынаудандардың жекелеген үйлері де тізімде бар.
22 мамырда
22 мамырда Көк-Қайнар, Әйгерім, Таусамалы, Ақжар, Маяк шағынаудандары, сондай-ақ Меркуров, Рысқұлов даңғылы, Багратион, Жансүгіров, Кулибин, Успенский, Филатов, Шевченко, Чайковский, Жамбыл кқшелерін қамтиды. Тағы да Наурызбай батыр, Төле би, Әйтиев, Қазыбек би, Әуезов, Кавказская, Тұрғыт Өзал, Райымбек, Түркебаев, Әл-Фараби даңғылында жарық сөнеді. Марков, Шолом Алейхем, Бальзак, Нахимов, Тәттімбет, Луганский көшесінде де күтілуде. Сол сияқты Қабанбай батыр, Бегалин, Зверев, Аманжолов, Бөгенбай батыр, Ақбозат, Жуковский, Шевцова, Ақкөгершін, Қарахан, Кисловодская көшелерінде жоспарлы жұмыстар жүргізілуі мүмкін.
Компания тұрғындарға кестені алдын ала ескеріп, электр қуатына тәуелді жұмыстарды жоспарлауға кеңес береді. Жөндеу жұмыстары қалалық желілердің тұрақтылығын арттыруға және апатты жағдайлардың алдын алуға бағытталған.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







