19 мамыр, сейсенбі күні Қазақстанның көп бөлігінде жел күшейіп, батыста шаңды дауыл болуы мүмкін, деп жазады Ertenmedia.kz.
Астанада күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Жел 5–10 м/с. Түнде +6…+8 градус, күндіз +22…+24 градус жылы. Алматыда да жауын-шашын күтілмейді. Түнде +12…+14, күндіз +22…+24 градус болады.
Шымкентте күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел екпіні 15–20 м/с дейін жетеді. Түнде +16…+18, күндіз +26…+28 градус жылы. Түркістанда да жаңбыр мен найзағай күтіледі, жел 15–20 м/с дейін күшеюі мүмкін. Түнде +21…+23, күндіз +26…+28 градус.
Батыста ауа райы құбылмалы болады. Ақтауда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +15…+17, күндіз +18…+20 градус. Атырауда да жаңбыр мен найзағай күтіледі, күндіз +28…+30 градусқа дейін жылынады. Оралда жауын-шашынсыз болғанымен, жел 15–20 м/с дейін күшейеді, күндіз +30…+32 градус ыстық болады. Ақтөбеде күндіз +28…+30 градус, жел екпіні 15–18 м/с жетуі мүмкін.
Қызылордада күн бұлтты, жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел екпіні 15–20 м/с. Түнде +19…+21, күндіз +25…+27 градус болады. Таразда да жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз +20…+22 градус жылы.
Орталықта негізінен жауын-шашынсыз. Қарағандыда түнде +6…+8, күндіз +20…+22 градус. Жезқазғанда жел екпіні 15–18 м/с дейін күшейіп, күндіз +25…+27 градус жылы болады.
Солтүстікте күн жылы әрі жауын-шашынсыз өтеді. Көкшетауда күндіз +25…+27 градус, Қостанайда +28…+30 градус, Петропавлда +26…+28 градус күтіледі. Жел 9–14 м/с шамасында соғады.
Шығыс өңірлерде түнгі салқын сақталады. Павлодарда түнде +1…+3, күндіз +18…+20 градус. Семейде түнде +1…+3, күндіз +13…+15 градус. Өскеменде де түнде +1…+3, күндіз +13…+15 градус болады, жел екпіні 15–18 м/с жетуі мүмкін.
Талдықорғанда жауын-шашынсыз, түнде +5…+7, күндіз +20…+22 градус. Қонаевта күндіз +24…+26 градус, жел екпіні 15–20 м/с дейін күшеюі ықтимал.
Синоптиктер желдің күшеюі, найзағай және шаңды дауыл көлік қозғалысы мен дала жұмысына әсер етуі мүмкін екенін ескертеді. Әсіресе батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде тұрғындарға сақтық танытып, ауа райы болжамын ескерген жөн.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







