Дариға Назарбаева Алматыда көзге түсті. Бұл туралы журналист Сырым Итқұлов жазды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
«Ол Алматыда Айсұлтан Назарбаевты еске алуға арналған балалар футбол турнирінде», — деді журналист.
Бұған дейін Дариға Назарбаева мен оның отбасы Кан қаласында өткен кеште жүргені белгілі болды.
Видео телеграм арнада пайда болды. Бейнежазбада Дариға Назарбаева, ұлы Нұрәлі Әлиев пен оның әйелі Аида Әлиева, балалары Лаура, Амира мен Алан Кан қаласындағы қымбат іс-шарада жүргенін көруге болады.
Ашық дереккөздердің мәліметінше, бұл шараға қатысу құны да арзан емес: кешке қатысамын деушілер екі адамға 33 мың еуро немесе 17,5 миллион теңге төлеуі керек.
Шарада әулеттің алты адамы жүр. Осылайша Назарбаевтың қызы, немерелері мен шөберелері бір шараға қатысудың өзіне 52,6 миллион теңге берген болуы мүмкін. Шараны Монаконың қазіргі кінәзі Grace Kelly құрметіне ұйымдастырылған. Аукционда қымбат лоттар ойнатылған.