Алматыда бүгін түнде жер сілкінісі сезілді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
ТЖМ мәліметіне сүйенсек, 17 қазанда сағат 03.23-те жер сілкінісі тіркелген. Эпицентрі Қытай аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде орналасқан.
«Алматы қаласында 2 балл болып сезілді. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ», — деп жазылған хабарламада.
Алматы 9-10 балдық сейсмикалық аймақта орналасқан.
Айта кетейік, бұған дейін ірі жер сілкінісінің бірі 2024 жылы 23 қаңтарда, екіншісі 2024 жылы 4 наурызда тіркелді.