Жанар Айжанова соңғы күндері БАҚ пен әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатқан тақырыптан қаша алмады деп хабарлайды Ertenmedia.kz
Әнші ақыры Талғардағы «Хутор» ұйымының жетекшісі деп аталып жүрген Хасан Қасымбаевпен түскен суретіне қатысты түсініктеме берді.
Әншінің айтуынша, ол әлгі азаматпен арнайы таныс емес, тіпті суретке қашан, қалай түскенін де білмейді.
«Хасан деген бір бәле болды ғой. Суретке түссең бір әңгіме, түспесең «көкірек» дейді жұрт. Ол менің артымнан келіп түскен шығар, бірақ суретке түскен адамның кім екенін, маңдайында не жазулы тұрғанын қайдан білейін?! Егер сондай батыл болсаңдар, әлгі сұхбат беріп, «үш балам бар, еш жазығым жоқ, шаруашылықпен жүрген жанмын» деп ақталып отырған Хасанды тауып алып келіңдерші. Мен оның көзіне қарап тұрып, бетіне айтамын», – деді Жанар Айжанова.
Айта кетелік, Талғардағы трагедияға дәл осы «хуторлықтардың» қатысы бар әңгіме әзір гу-гулеп тұр.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

