Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 27 қараша күні елімізге Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин мемлекеттік сапармен келеді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіледі. Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Ресейдің ХХ Өңіраралық ынтымақтастық форумына бейнеконференция режимінде қатысады.
28 қараша күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясы өтеді.
Жиында аймақтық және халықаралық қауіпсіздіктің негізгі мәселелері талқыланады. Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылады.