Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанда неліктен пойыздар кешігіп келетінін сұрады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Бүгін Үкіметте теміржол саласы мен транзиттік әлеуетті дамыту мәселесі талқыланды.
Үкімет басшысы Бектеновтің айтуынша, азаматтардан пойыз кешігуіне байланысты өтініш көп түскен.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев жағдай ерекше бақылауда екенін, ал кешігу теміржолдарды жөндеуден туындағанын мәлімдеді,
«Бұл жағдай жолдарды жөндеуге және жолаушылардың қауіпсіздігіне байланысты. Соңғы 2 жылда жөндеу жұмыстарының көлемін 2-3 есеге арттырдық. Жолаушылар алдындағы қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», — деп түсіндірді Нұрлан Сауранбаев.