Талғар ауданы полициясы бастығының міндетін атқарушы тағайындалды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Бұл қызметке Айдар Омаров келді.
«Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің бұйрығы бойынша Талғар ауданы Полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы лауазымына полиция подполковнигі Омаров Айдар Әбдікерімұлы тағайындалды», – деп хабарлады Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бұған дейін Талғар қаласының әкімі Бахыт Қуатбекұлы Күрішбеков, Талғар қаласы әкімінің орынбасары Матан Сағындық өз міндеттерін тиісті деңгейде атқармағаны үшін лауазымдарынан босатылды.