Алматы қаласында «Қазақстан күрдтері: бір ел – бір тағдыр» тақырыбында дөңгелек үстел өтіп, айтулы шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, «Барбанг» күрдтер қауымдастығы» РҚБ және этномәдени бірлестіктер, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері қатысты, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов өзінің құттықтау сөзінде күрд этномәдени орталығының қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық жобаларын іске асыруға қосқан үлесін атап өтті.
Іс-шара шеңберінде қазақстандық қоғамды дамытуға, ұлттық дәстүр мен мемлекеттік тілді дәріптеуге қосқан үлесі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының алғыс хаттарымен бірқатар ақсақалдар мен күрд этносының ардагерлері марапатталды.