Ресейлік блогер Илья Варламовтың Астана туралы пікірі көпшілікке жақпай қалды. Халық әртісі Димаш Құдайбергеннің ата-анасы блогердің бұл сөзіне жауап қайтарған, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Варламовтың айтуынша, Астана — өмір сүруге қолайсыз қала.
«Астана — нашар қала. Онда өмір сүру қиын. Жайлы емес, серуендеуге де келмейді. Алғашқы кезден-ақ дұрыс жоспарланбаған. Толығырақ айтудың қажеті жоқ, бұған дейін бұл туралы жазғанмын. Астанаға тек жұмыс бабымен ғана барамын», — деді ол сұхбаттарының бірінде.
Бұл сұхбатқа Димаштың ата-анасы да пікір білдірді.
«Сенің пікірің керек еді бізге. Астана өте көркем, әсем қала. Ұнамаса — келме. «Асын ішіп, аяғына түкіру» дейді мұндайды», — деді олар.