Азамат Есқараев әділет министрі лауазымынан босатылды, деп жазады Ertenмedia.kz.
«Мемлекет басшысының жарлығымен Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасының әділет министрі лауазымынан босатылды», — деп жазылған хабарламада.
Азамат Несіпбайұлы Есқараев 1979 жылы Алматыда дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң академиясын тәмамдаған.
Ол 2023 жылғы 4 қаңтардан бастап әділет министрі лауазымына тағайындалған болатын.
Айта кетейік, бұған дейін сарапшылар Түркістан облысынан басталған кадрлық ауыс-түйіс осы аптада да жалғасуы мүмкін екенін болжады.
Есқараевтың алдында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қызметінен босатылып, Президент әкімшілігіне ауысты.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

