ІІМ бопсалаушылардың қылмыстық топтарын қолға түсірді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Қаңтарда Павлодарда жергілікті криминалитет арасынан бір топ адам ұсталды. Олар жүйелі түрде жастарды бопсалап, кәмелетке толмағанды қылмыстық әрекетке тартқан.
Петропавлда да үш адамнан тұратын топ ұсталды. Фигуранттардың біреуі бұрын бірнеше рет сотталған. Күдіктілер жергілікті тұрғынды заңсыз қамауда ұстап, ұрып-соғып, ақша боспалаған.
Жамбыл облысында шаруа қожалығының басшысынан 800 мың теңге ақша бопсалаған күдіктілер ұстадды. Тінту барысында олардан шолақ мылтық пен оқ-дәрі тәркіленді. Тергеу бопсалау және атыс қаруын заңсыз сақтау деректері бойынша жүргізіліп жатыр.
«Былтыр полиция 500-ден аса бопсалау қылмыстарын анықтады. Көбіне қылмыскерлер қорқыту арқылы ақша бопсалаған. Мұндай дерек Алматы қаласында анықталған. Онда жедел іс-шаралардың нәтижесінде ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы 4 азаматты ұстады. Олар жергілікті тұрғыннан беделін түсіретін бейнематериалдарды таратпағаны үшін 40 млн теңге талап еткен», — деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.