Ұлттық статистика бюросы халық саны туралы деректі жариялады, — деп хабарлайды ErtenMedia.
2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша халық саны 20 286 084 адамға жеткен.
Оның ішінде қала тұрғындары – 12 774 743, ауыл тұрғындары – 7 511 341.
«Былтырғы жыл басынан бері халық саны 252 242 адамға өсті, оның ішінде табиғи өсім есебінен 235 078 адамға, көші-қон есебінен 17 164 адамға өсті», — деп жазылған хабарламада.
Республикадағы үш қала мен төрт облыста миллионнан аса адам тұрады. Халқы тығыз орналасқан өңірлер — Алматы мен Түркістан облысы, онда 2 292 333 және 2 154 334 адам тұрады.
Халық санының ең жоғары өсу қарқыны Астана мен Алматы қалаларында, тиісінше 6,91% бен 2,86%, сондай-ақ Шымкент қаласында тіркелді – 2,80%.
Республикалық маңызы бар қалалардан басқа, бір миллионнан аса халқы бар облыстар – Түркістан (2,1 млн), Алматы (1,5 млн), Жамбыл (1,2 млн) және Қарағанды (1,1 млн).