ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов Өскемен қаласының маңындағы Прапорщиково ауылында мектеп салуға пәрмен берді. Бұдан басқа, облыс орталығының 23-шағын ауданында және Қасым Қайсенов кентінде жаңа мектептер салу бойынша нақты тапсырмалар берді, деп жазады Ertenmedia.kz.
Аймақ басшысының төрағалығымен өткен әкімдік отырысында ШҚО Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Руфат Акрамов қазіргі уақытта Прапорщиково ауылы мен Қасым Қайсенов кентінде мектеп салу үшін арнайы жер учаскелері анықталып қойғанын хабарлады.
Алдағы уақытта мектептердің құрылыс жобалары дайындалып, тиісті инфрақұрылымдық жұмыстар басталмақ. Осыған орай облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов білім басқармасына аталған мәселені тұрақты бақылауға алып, жобалардың уақытылы іске асуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Өскемен қаласы мен оның айналасында бой көтеретін жаңа білім ошақтары өңірдегі мектептердің жүктемесін азайтып, оқушы орындарының тапшылығы мәселесін шешуге айтарлықтай септігін тигізбек. Әкім бұл жобалардың әлеуметтік маңыздылығын ерекше атап өтті.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







