Астанада көлік полицейлері интернет алаяқтар желісін жойды, — деп хабарлайды ErtenMedia.
ҚР ІІМ көліктегі полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметкерлері Бас көлік прокуратурасымен бірлесіп, ҚР ІІМ және ҚР ҰҚК киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменттерінің үйлестіруімен Астана қаласында ұялы байланыспен заңсыз қитұрқы әрекет жасауға қатысқан Ресей Федерациясының екі азаматын ұстаған.

Тінту барысында күдіктілерден республика аумағында интернет алаяқтық жасау үшін пайдаланылған виртуалды абоненттік нөмірлерді тіркеуге арналған 2 SIM-box құрылғысы, қазақстандық мобильді операторлардың 2 мыңнан аса SIM-картасы, ноутбуктер, роутерлер, пайдаланушылардың нақты орналасқан жерін жасыруға мүмкіндік беретін маршрутизаторлар тәркіленген.
Бұл дерек бойынша көліктегі полиция департаменті қылмыстық іс қозғады.
«Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр», — деп мәлімдеді полиция.