Президент Қасым-Жомарт Тоқаев біраз ауыс-түйіс жүргізді, — деп хабарлайды ErtenMedia.
- Мемлекет басшысының Жарлығымен Жандос Нұрланұлы Шаймарданов Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы лауазымынан босатылды.
Ол 2023 жылғы 16 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы болды.
- Мемлекет басшысының Жарлығымен Әсет Арманұлы Ерғалиев Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
Айта кетейік, ол бұған дейін де, дәлірек айтсақ, 2022 жылғы 6 қаңтардан бастап осы қызметті атқарған еді.
МЫНАНЫ ДА ОҚИ КЕТІҢІЗ
Қазақстан тұщы су айдындарын қалпына келтіру бойынша алтыншы орынға шықты«Кітап оқитын ұлт» жобасына 1,4 миллионнан астам қазақстандық қатыстыТоқаевтың кітабы дүкен сөрелерінен орын алып, әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударды- Мемлекет басшысының өкімімен Абай Серікұлы Қайырбеков Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды.
Абай Қайырбеков 1998 жылдан бастап Ішкі істер органдарында қызмет етеді. Кейін ҚР ІІМ ведомстволарында түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.
2011 жылдан бастап ІІМ орталық аппаратында басшылық қызметтер атқарды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







