Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары мемлекеттік қызметшілерді құмар ойындары үшін жұмыстан шығарды, — деп хабарлайды ErtenMedia.
Былтыр шілдеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңына толықтырулар енгізілді. Соған сәйкес мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындар ойнауға тыйым салынады, әйтпесе олар теріс себептермен жұмыстан шығарылады.
«Мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға қатысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтамағаны анықталды. Мәселен, Ақжар ауданы әкімдігінің құрылыс және сәулет бөлімінің бас маманы заң талаптарын бұза отырып, 1XBET букмекерлік кеңсесінде жүйелі негізде «ставкалар» қойған.
Осындай заңбұзушылықтар Ұялы ауылдық округі әкімі аппаратының және Ақжар ауданының білім бөлімінің бас мамандарына қатысты да анықталды», — деп жазылған хабарламада.
Прокурорлық қадағалау актілері бойынша лауазымды адамдар жұмыстан босатылды.