Қонаев қаласында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында шаһардағы тазалық мәселесіне аса көңіл бөлініп жатыр. Ортақ пайдаланылатын орындарды ластаған 39 тұлғаға айыппұл салынды,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz
Қонаевта заңсыз қоқыс үйінділерін жою, ҚР заңнамасы шеңберінде бекітілген ережелерді бұзған тұлғалармен түсіндірме жұмыстарын жүргізу, айыппұл салу шаралары қолға алынды.
Мысалы, 1-8 наурыз аралығында ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабына (Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау) сәйкес, 39 хаттама толтырылып, 766 мың теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.
Одан бөлек, ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабына сай (Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру), 92 жеке және заңды тұлғаға 943 680 теңге айыппұл салынды.
Аталған бағыттағы жұмыстар ары қарай да жалғасады.
Қонаев қаласы әкімдігі тұрғындардан заңнаманы бұзбауды және тазалық ережелерін сақтауды сұрады.