2025 жылғы 1 мамырда Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына және Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Бірлік жүгірісі» марафоны өтті,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz
Бұл шараның бір ерекшелігі — марафонның еліміздің барлық өңірлерінде бір уақытта өтуі.
Іс-шара Тұңғыш Президент саябағында болды. Марафонға 500–ге жуық адам қатысты-бұл этномәдени бірлестіктердің өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының серіктестері, кәсіби спортшылар және спорт сүйер қауым. Қатысушылар саябақ аумағы бойынша 4 шақырым қашықтықты жүгірді.
«Бірлік жүгірісі» марафоны салауатты өмір салтын насихаттауға, сондай-ақ қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайтуға бағытталған бірегей акцияға айналды. Республикалық марафон елдің әртүрлі аймақтарынан келген адамдарды ортақ мақсатпен біріктіріп, достық пен ынтымақтастықтың символына айналды.