Астанада Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай 9 мамыр күні демеушілік қаражат есебінен мерекелік отшашу болады,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz
«9 мамыр күні сағат 22:00-де отшашу екі жерде өтеді: Ботаникалық бақ және Атырау көпіріне іргелес аумақ. Әр жерде 4 мыңға жуық оқ атылады», — делінген елорда әкімдігінің хабарламасында.
Еске салайық, Астанада 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Жеңіс күнін мерекелеуге арналған 100-ден астам түрлі іс-шара жоспарланған. Олардың арасында концерттер, ғылыми конференциялар, мектептерде тәрбие сағаттары, спектакльдер және т.б. бар.
МЫНАНЫ ДА ОҚИ КЕТІҢІЗ
Жетісу жастары Қараталдың тазалығын өз қолына алдыҒалымдар Құрылтайдың билік пен халықты жалғаған жолын көрсеттіAlma Qala Fest аясында екі күн қатарынан өтетін алма жәрмеңкесінде 200 тоннадан астам алма сорттары ұсынылады📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







