Ордабасы ауданы Темірлан ауылындағы Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназияның түлегі Жәнібек Әбілхан Ұлттық бірыңғай тестілеуде 140 ұпай жинап, республикалық көрсеткіш бойынша ең жоғары нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz
Жәнібек – көпбалалы отбасынан шыққан еңбекқор оқушы. Ол 1-сыныптан бастап сол мектепте білім алып, үздік оқушылар қатарынан көрініп келеді. ҰБТ-ға жүйелі түрде дайындалған Жәнібек 10-сыныптан бастап бейіндік пәндерін анықтап, информатикаға басымдық берген.
Жәнібек болашақта ІТ саласында маман болуды мақсат етеді және Қазақстандағы беделді жоғары оқу орындарының біріне оқуға түсуді жоспарлап отыр.