Металлургтер күні қарсаңында ERG компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Шухрат Ибрагимов өңірлердегі кәсіпорындарды аралап, жұмысшылармен кездесу өткізіп, олардың ой-пайымын тыңдап қайтты. Ол әрбір отбасындағы жайлылық, металургтердің жұмысқа қуана келіп, шаршамай қайтуын тілге тиек етті.
– Құрметті әріптестер сіздердің жұмыстан шаршап шыққанда отбасыларыңыз мейіріммен қарысы алып, жұмысқа үлкен қуанышпен шығарып салуы біз үшін аса маңызды. Біз осы отбасылық жылы қатынастың әр үйде сақталуы үшін бар күш-жігерімізді жұмсап, жұмыс істейміз. Сіздердің отбасыларыңыздан бастау алған жарастық пен жылулық кәсіпорында ғана жақсы атмесфераға бөлеп қоймай, тұтас елімізге шуағын шашады. Сіздердің қажыр-қайраттарыңыз ERG компаниясын дамытып, тұтас ел экономикасын өркендететінін бір сәтте естен шығармаңыздар! Әрбір қызметкердің әрекеті ортақ табысымызды бір бөлшегі деп есептеймін. Сіздерде Металургтер күнімен шын жүректен құттықтаймын! – деп Шухрат Ибрагимов жүрекжарды алғысын айтты.
Елімізде шойын балқытып, болат қорытып жүрген қарапайым жұмысшының маңдай терін елемей, ұлт экономикасын түсіну мүмкін емес. Шахтаның түбіндегі кенші мен балқыту цехындағы металлургтің қолынан шыққан әр тонна өнім – еліміздің индустриялық жүрегі соғып тұрғанының дәлелі.
Бірақ сол жүрек тек өндіріс қарқынымен емес, адам тағдырына деген жанашырлықпен де соғуы тиіс. Осы тұрғыда ERG компаниясының бүгінгі таңда ұстанып отырған әлеуметтік саясаты елдегі корпоративтік мәдениеттің жаңа деңгейі десек, артық айтқандық болмас.
ERG компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Шухрат Ибрагимовтың осы үрдіске серпін беріп келеді. Ол компанияны басқаруға келген күннен бастап, «өндіріс – бұл алдымен адам» деген қағиданы алға шығарды.
Бүгінгі таңда ERG-дің әлеуметтік жауапкершілік саласындағы басты жобаларының бірі – Отбасы банкпен бірлесіп жүзеге асырып жатқан тұрғын үй бағдарламасын айрықша атап айтуға болады. Бұл – жай жеңілдікпен несие беру емес, бұл – еңбек адамына «Сен бұл елге қажетсің, сондықтан өз үйің болуға тиіс» деген мемлекеттің үнін жеткізу. 10 пайыздық бастапқы жарнамен, 5 пайыздық мөлшерлемемен 20 миллион теңгеге дейінгі займ ұсыну – өз жұмысшысын бағалайтын компанияның ғана қолынан келетін шешім.
ERG компаниясы бұл бағдарламаны қағаз жүзінде қалдырмай, нақты іске асырып, нәтижесінде 4 634 қызметкер үйлі болды. Бұл – төрт мың отбасының ар жағында мыңдаған бала, жүздеген зейнеткер тұр. Ибрагимов Павлодар облысына жасаған жұмыс сапарында тағы да 10 қызметкерге пәтер кілті табыстап, қуаныш сыйлағанына куә болдық. Өз кезегінде Шухарат Ибарагимовтың қолынан баспана сертификатын алған зауыт қызметкерлері басшылыққа алғыс айтып, ризашылықтарын білдірді:
– Мен ERG құрамындағы зауытта 6 жылдан астам уақыт еңбек етіп келемін. Ең алғаш жұмысқа кіргенде үй жалдап тұратынмын. Жалақының бір бөлігі пәтер ақысына кететін, балалардың болашағына алаңдайтынмын. Бүгін міне, өз шаңырағымның табалдырығын аттағалы тұрмын. Бұл – мен үшін ғана емес, отбасым үшін де үлкен қуаныш. Осы мүмкіндікке жол ашқан ERG компаниясына, әсіресе әлеуметтік жобаларға ерекше көңіл бөлетін Шухрат Ибрагимов мырзаға алғысым шексіз. Бұл – тек баспана емес, бұл – үміттің ақталған сәті, – деп металург Алтынбек Төребаев алғысын айтты. Ал ERG кәсіпорынында метал балқытушы болып қызмет атқаратын Аркадий Карнин ойын былайша сабақтады.
– Біз, металлургтер, көбіне пештің қасында тұрып, қоғамнан алшақ еңбек етеміз. Бірақ дәл осындай сәттерде біздің еңбегіміздің ескеріліп жатқанын сезінеміз. Шухрат Ибрагимов мырзаға ерекше ризашылығымды білдіремін. Ол тек басқарушы емес, әр жұмысшының жағдайын шынайы түсінетін азамат. Баспана – әр адамның арман-мақсаты ғой. Сол арманымызға қолымыз жетіп, қуанып жатырмыз. Мұндай қамқорлықты – кәсіби жетістіктен бөлек, адамгершілік биіктіктің көрінісі деп түсінемін, – деді Аркадий Карнин.
Үйлі болған тағы бір қызметкер Айнаш Самақанова өзінің ақжарам тілегенде ERG компаниясы адам өміріне бей-жай қарамайтын компания екенін айтты.
– Әйел адам үшін ең үлкен бақыт – балаларын өз үйінде өсіру. Мен де ұзақ жыл пәтерден пәтерге көшіп жүріп, дәл бүгін өз шаңырағыма ие болдым. Бұл – мен үшін тарихи күн. ERG компаниясы тек өндірісті ғана емес, адам өмірін де бірге көтеріп келе жатқан іргелі ұйым екенін тағы бір дәлелдеді. Шухрат Ибрагимов мырзаға мың алғыс! Оның шынайы ықыласы мен қолдауы бізді қанаттандырады. Осындай қамқор басшылық тұрғанда, біз де жан аямай еңбек етуге дайынбыз, – деді Айнаш Самақанова.
Халықаралық тәжірибеге қарасақ, мұндай әлеуметтік бағдарлама Walmart, Amazon, General Electric секілді алпауыт компанияларда ішінара кездеседі. Бірақ олардың көбі – тек медициналық сақтандырумен шектеледі. Ал Қазақстанда ERG секілді корпорация жұмысшысына үй алып беріп, демалыс базасын ұсынып жатса – бұл біздегі әлеуметтік жауапкершілік мәдениетінің жаңа белесі деп нық сеніммен айтуға болады.
Ақтөбе ферроқорытпа зауытының жұмысшыларына арналған демалыс базасының біздің сөзімізге айқын мысал болады. Бір жыл бұрын қарапайым жұмысшылар «жұмыстан соң демалатын жеріміз болса» деген ұсыныс айтқан еді. Осыдан кейін ERG корпорациясы табиғаты тамаша Елек өзенінің бойынан демалыс кешені сатып алынып, жөндеу жұмыстары басталып кеткен-ді. Осы жолы Ибрагимов өзі барып, жұмыс барысын тексеріп, өзінің уәдеге берік жан екенін көрсетті. Алдағы тамыз айында демалыс кешені демалушыларын қабылдайтын болады.
Мұндай қадамдар қоғам мен компания үшін де ұтымды. Біріншіден, әлеуметтік тұрақтылық нығаяды. Жалақысы өсіп, үйлі болған адам жұмыстан кетпейді, тіпті ұлын да сол зауытқа жұмысқа орналастыруға күш салатыны анық. Екіншіден, кадр тапшылығы азаяды. Үшіншіден, өңірлік экономика дамиды. Төртіншіден, корпоративтік имидж қалыптасады. ERG бүгінгі таңда – тек өнім шығарып отырған құрылым емес, осы қоғамды қалыптастырып отырған жүйе.
Индустрия – алдымен жүйелі еңбекті бағалау, жеке адамға назар аудару. Шухрат Ибрагимов осы принципті ұстанып отыр. Ол үшін жұмысшы – өндірістің бұрандасы емес, өндірістің жүрегі. Ал жүрекке күтім керек. Үй де керек, демалыс та керек, құрмет те керек. Осы тұрғыдан алғанда, ERG-дің әрекеті еліміздегі бизнеске үлгі болары сөзсіз.
Сондықтан да бізде шойын қорытып жүрген металлургке, жер астында тер төгіп жүрген кеншіге құрмет көрсетіп, оларға қолайлы орта қалыптастырып отырған менеджментке алғыс айту – тек бір күндік іс болмауы керек. Бұл – мемлекеттік саясат пен бизнестің де күн тәртібінен түспеуі тиіс.
Бүгінде ERG еліміздегі экономикалық күш болса, Шухрат Ибрагимов – сол күшке әлеуметтік мазмұн беріп отырған азамат. Болашақтың өндірісі дәл осындай көзқараспен ғана өміршең болары сөзсіз.