Былтыр Еңбекшіқазақ ауданында пышақ жарақатынан қаза тапқан 16 жастағы Шерзат Полаттың отбасына жаңа үй салынады, деп хабарлайды Ertenmedia.
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігі бұл істі толық бақылауға алып, отбасыға баспана салып беру үшін демеуші тапқан.
Құрылыс жұмыстары мен қажетті материалдың барлығы осы демеушінің есебінен төленуде. Ал аудан әкімдігі үйдің сапалы салынып, мерзімінде аяқталуын қадағалап отыр.
Жаңа баспананың құрылысы қазан айының ортасында толық аяқталады. Осыдан кейін отбасы жаңа, жайлы үйге кіріп, қоныс тойын тойлайды.
Еске сала кетсек, 2024 жылдың 4 қазанында 16 жастағы Шерзат Полат пышақ жарақатынан көз жұмған еді. Бұл іске қатысты 11 адам ұсталып, биыл 5 маусымда Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық соты үкім шығарды. Басты айыпкер 23 жылға сотталған болатын.
Қайғылы оқиғадан кейін көп ұзамай, марқұмның Азат ауылындағы үйі өртеніп кеткен. Бас прокуратура өрттің қасақана қойылғанын хабарлаған.
Алайда осы жылдың тамызында өртке қатысты қозғалған іс дәлел жеткіліксіздігі себепті тоқтатылған болатын.