«British Council» ұйымы жүргізген «Қазақстанның болашақ ұрпағы» зерттеуінің нәтижелері жарияланды. Зерттеу аясында ұйым бүкіл әлем бойынша жастардың пікірлерін білдіру үшін «Next Generation» («Болашақ ұрпақ») платформасын ұсынады, бұл олардың пікірін білуге және олардың ұмтылыстары, проблемалары және қоғамның өзгеруі мен қалыптасуындағы рөлі туралы түсінік алуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Зерттеу Қазақстанда LSE Consulting, Орталық Азия Барометрімен (ЦАБ) және жобаның консультативтік кеңесімен әріптестік шеңберінде жүзеге асырылды.
Зерттеуге 18 бен 35 жас аралығындағы 1270 жас қазақстандық қатысты: 1202 – өкілдік сауалнамаға және 68 – сұхбат пен фокус-топтарға қатысқан болатын.
Зерттеуге сәйкес, жас қазақстандықтар әлеуметтік жағдайына қарамастан, отбасына бағдарланған және өздерінің шығу тегімен мақтанады. Олар отбасын өздеріне негізгі әсер ету көзі деп санайды (екінші орында достар/құрдастар).
Бұл жас қазақстандықтардың басқа да соңғы зерттеулеріне сәйкес келеді. Әр түрлі сауалнамаларға сәйкес, отбасы құндылықтар тізімінде бірінші орында және жастардың 80%-дан астамы үшін маңызды.
Сондай-ақ, жастар өмірдегі өздерінің жетістіктері мен бақыттарын анықтау үшін отбасыларына, достарына және жақын құрдастарына сүйенеді.