Алыстан бауырың келсе, өзіңде бардың бәрін таныстырасың ғой. Бүгін Астанада дәл солай болып жатыр. Кеше кешке елордаға Әзербайжан басшысы Ильхам Әлиев ат басын бұрған еді. Бұл жолғысы қарапайым мемлекеттік сапар. Сондықтан әуежайдан бастап Тоқаев өзі күтіп алды. Күндіз Жоғары мемлекетаралық кеңесінің отырысын өткізді.
Журналистермен кездесіп, брифинг жасады. Енді, Қазақстан мен Әзербайжан президенттері Alem.AI халықаралық жасанды интеллект орталығына аралап көрді.
Тоқаев пен Әлиев орталықта елімізде цифрлы технологияларды дамыту және жасанды интеллектіні қолдану жетістіктерімен танысты. Мәртебелі меймандар мәртебелі меймандарға мемлекеттік үдерістерді басқаруға және талдауға, сондай-ақ GovTech-шешімдер қабылдауға арналған AI-Driven Government ахуалдық орталығының тұжырымдамасы жөнінде баяндалыпты.
Сондай-ақ Smart City технологиялары, роботты техника аймағы, түрлі салаға жасанды интеллектіні енгізуге бағытталған Samruk-Kazyna жобалары көрсетілген екен. Бұдан кейін мемлекеттер басшылары Astana Hub инновациялық кластерін аралады.
Ильхам Әлиевтің Қазақстандағы IT саласындағы жетістіктеріне қызығуы түсінікті. Екі мемлекет те цифрландыруды экономиканы жаңғыртатын құрал ретінде ғана емес, әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілетін арттыратын тәсіл ретінде қарайды. Сол себепті Қазақстан мен Әзербайжанның стратегиялық басымдықтары ұқсас. Жасанды интеллектіні дамытып, цифрлы экожүйе қалыптастыруды мақсат етеді. Сонымен қатар киберқауіпсіздікті нығайтып, мемлекеттік қызметті электронды түрге ауыстыруды көздейді.