2026 жылы жаңа Салық кодексі күшіне енеді, деп жазады Ertenmedia.kz.
Республикада екі салық режимі біріктіріліп, 4% мөлшерлеме қолданылады. Осы ретте Алматы әкімдігі кәсіпкерлерге қолдау көрсетуді қолға алды.
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды арнайы жиын өткізді. Кеңесте салық мөлшерлемесін 3%-ға төмендету туралы ұсыныс айтылды. Бұл мәселе қалалық Мәслихат талқылауына шығарылады.
Шара шағын және орта бизнестің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, қосымша инфляциялық тәуекелдердің алдын алуға мүмкіндік береді. Әсіресе үй маңындағы дүкендер, шаштараздар мен шағын шеберханалар қолдау табады.
Әкімдік бастамасы кәсіпкерлердің мемлекеттік институттарға сенімін арттырады деп күтілуде. Нәтижесінде инвестициялық ахуал жақсарып, іскерлік белсенділік артады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







