Қазір жаңа технологиялар өмірдің барлық саласына еніп жатыр. Соның ішінде қылмыстың алдын алу жүйесіне де жаңа технологиялар мен жасанды зерденің ықпалы күшейіп келеді. Бұрын қылмысқа қарсы профилактикалық жұмыстарды патруль, учаскелік инспектор түсіндіруші еді. Қазір олардың қатарына жасанды интелект қосылып отыр. Осы ретте ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сәденов қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде технологияның рөлін атап өтті. Сала басшысы техника полицияны алмастырмаса да олардың жұмысын жылдам, нақты, жүйелі етуге көмектесетінін алға тартты.
Жасанды интеллект ең алдымен үлкен көлемдегі деректермен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Ірі қалалардағы мыңдаған камера түсірген бейнені бір-бірлеп қарап шығу адам күшімен мүмкін емес.
Ал арнайы жүйе нөмірді танып, заңға қайшы күмәнді әрекеттердің бірден анықтайды. Айтлық, іздеуде жүрген көлік пен адамды анықтау жасанды интелектінің алдына ешкім түсе алмайтыны анық.
Қай жерде жиі құқықбұзушылық жасалатынын, қандай уақытта тәуекел жоғары екенін тәртіп сақшылары ЖИ-дің көмегіне жүгініп, анықтап отырғанын мойындауымыз керек. Полиция үшін мұндай ақпарат жоспар құруға, патруль бағытын өзгертуге, профилактиканы нақты нүктеге шоғырландыруға жол ашатыны сөзсіз.
Бүгінде бейнебақылау камераларының көбеюі халық арасында қауіпсіздік мәдениетін біршама қалыптастырды деп нық сеніммен айтуға болады. Қалаларда көшелер, аулалар, ірі қиылыстар, саябақтар, мектеп маңдары біртіндеп камерамен жабдықталуда. Камера тұрған жерде заңбұзушылық бірден азаятыны өмірдің өзі көрсетіп отыр.
Сол сияқты көлік ұрлығы, вандализм, түнгі уақытта шу шығару сияқты құқықбұзушылықтар камера бар аумақта тез анықталады. Құқық бұзушы адам өзін «ешкім көрмей қалады» деп ойламайды. Бейнебақылау тәртіп бұзғысы келетін адамға «ойлан» деген белгі беретін құралға айналып отыр. Сонымен қатар азаматтардың қорғаныс құралына да айналды десек болады.
Соңғы жылдары камера орнату жұмыстары тек мегаполиспен шектелмей, аудан орталықтары мен ауылдарға да тарала бастады. Әуелі халық көп жүретін орындарға мектеп, аурухана, орталық алаң, базар маңына, трасса бойындағы қауіпті учаскелерге бейнебақылау қойылады.
Соңғын ала тұрғын үйлердің ауласы, шағын көшелер қамтылады. Мұның бәрі жергілікті әкімдік пен Ішкі істер мекемелерінің бірлескен жоспары негізінде іске асады.
Технологияны дамыту арзанға түсіпейді. Бейнебақылау жүйелерін құруға, серверлерді күтіп ұстауға, бағдарламалық қамтамасыз етуге, байланыс инфрақұрылымын тартуға бюджеттен тұрақты қаражат бөлінеді. Алайда министрлік мұны шығын емес, инвестиция ретінде қарастыруға күш салып отыр. Бір ауыр қылмыстың алдын алу, бір оқиғаны дер кезінде тоқтату, бір баланы жол апатынан құтқарып қалудың құны ақшамен есептей алмайсың.
Жасанды интеллект қылмысты толық жойып жібере алмайтыны түсінікті, бірақ оның көмегімен құқықбұзушылықтың алдын алу жеңілдейді. Жол қиылысында «қызылға» жиі өтетін жүргізушілер азайса, жаяу жүргінші жолға қорықпай шығады. Қоғамдық орындарда төбелес, ұсақ бұзақылық азайса, адамдар кешкі уақытта көшеде өздерін сенімді ұстайды.

